«Джеймс Уэбб» телескобы тағы да ғарыштан таңғажайып суреттер түсірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Джеймс Уэбб» ғарыш телескобы ғарыштағы ең әдемі жерлердің біріне қайта бұрылып, оны түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Жаратылыс тіректері» шын мәнінде Жерден шамамен 6500 жарық жылына тең қашықтықта орналасқан. Бұл – Жылан шоқжұлдызындағы сутегі газы мен ғарыш шаңынан тұратын суық, тығыз бұлттар.
Бұл суретті әрбір қуатты телескоп түсірген, соның ішінде «Хаббл» екі рет, 1995 және 2014 жылдары түсіріп алды.
«Джеймс Уэбб» тағы бір керемет көрініс сыйлады.
«Тіректер» астрономдар Meссье 16, (M16) немесе Бүркіт тұмандығы деп атайтын құбылыстың дәл ортасында орналасқан. Бұл – жұлдыз түзілетін белсенді аймақ.
Инфрақызыл детекторлармен жабдықталған «Уэбб» жаңа туған күндердің белсенділігін зерттеуге көмектесетін, тіректерді құрайтын шаң бөлшектеріндегі жарықтың шашырау әсерлерінің көп бөлігін көре алады.
«Мен «Бүркіт тұмандығын» 1990 жылдардың ортасынан бастап зерттеп, Хаббл көрсеткен бірнеше жарық жылына созылған тіректердің ішіне үңіліп, ішінен жас жұлдыздарды табуға тырыстым. «Джеймс Уэббтың» бұл жерде түсірген суреттері таңғаларлық болатынына әрқашан сенімді болдым. Дәл солай болып шықты», - деді Еуропа ғарыш агенттігінің аға ғылыми кеңесшісі, профессор Марк Маккориан агенттікке берген сұхбатында.
Фото: bbc.com