Джим Джармуштың фильміне түскен ит өлген соң Канн кинофестивалінің жүлдесіне ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Джим Джармуштың «Петерсон» фильміндегі шәңкілдек ит Марвиннің рөлін сомдаған Нелли есімді бульдог Канн кинофестивалінде иттер арасында үздігі болып танылып, жүлде алды.
Бұл туралы байқаудың баспасөз қызметінен хабарлады.
Алайда Неллиге жүлдені ол өлгеннен кейін беруге тура келді, себебі ит марапаттау рәсіміне дейін жете алмады.