Джиптен жүйрік инспектор жұртшылықты таңғалдырды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда екі күн бұрын жарияланған Ресейдің жол патрульдік қызметі инспекторының ерлігі түсірілген бейнеролик екі миллионнан астам көрілім жинады, деп жазады ресейлік БАҚ.
None
None

Бұл оқиға 2013 жылы болған екен, алайда ол ғаламторға жуырда, тек бір жылдай уақыт өткеннен кейін ғана салынған.

Елді мекеннің ішіндегі тар жол қашып келе жатқан көлікті басып озуға мүмкіндік бермей келе жатқан сәтте төзімі таусылған инспектор машинадан атып шығып, жол талғамайтын көлікті жаяу қуып жеткен. Жүріп келе жатқан кезінде оң жақ есігін ашып кіріп, қашқынды машинадан қуып шыққан.

Кейін анықталғандай, видео Татарстанда түсірілген. Оқиға болған елді мекен Тукаев ауданының Малая Шильна атты ауылы көрінеді.

Соңғы жаңалықтар