07:49, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
«Джиро д'Италия 2013″: «Астана» - үшінші орында
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - «Джиро» велобәйгесінің екінші кезеңінде командалық жарыс өтіп, «Астана» үшінші орынға табан тіреді.

Командалық бәсекеде «Скай» - бірінші, «Мувистар» екінші орынды еншіледі. Ресейлік «Катюша» төртінші болып үздіктер қатарын толықтырды. «Астана» велошабандоздарының мәре сызығын кесіп өткен уақыты -22:39.