«Джиро д Италия»: Алғашқы кезеңнің жеңімпазы - Кэвендиш

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше, 4 мамырда Италия жерінде алғашқы «гранд-тур» «Джиро д Италия» өз жалауын көтерді.
None
None

Неаполдан бастау алған жарыс Брешиш қаласында өз мәресіне жетпек, деп жазады «Аламан».

«Кэннондэйл» велокомандасының мүшесі австралиялық Кэмерон Вурф алғашқы кезеңді сәтті бастады. Бүгін жарыс жолына Вурф жасыл жейдемен шығады. Оқ бойы озық шығып, пелотонды ұзақ уақытқа дейін артында қалдырған велошабандоз алғашқы кезеңде жақсы нәтиже көрсеткен-ді. Алайда мәреге таяп қалғанда пелотонның арасына жұтылып кетті. Сәл-ақ қалғанда осындай мүмкіндікті уысынан шығарып алды ол.
Пелотоннан дәл мәреге жетер тұста «Омега Фарма» командасының мүшесі Кэвендиш суырылып шықты. Бүгін Искьядан бастау алатын жарыс жолына ол үздікке тиесілі қызыл жейдемен шығады.

«Астаналық» ұжымнан әзірге тәуір нәтиже көрсетіп тұрған эстониялық велошабандоз Танел Кангерт. Ал жалпы есепте «Астана» үшінші орынға шықты.

Соңғы жаңалықтар