«Джиро д'Италия»: «Астана» велошабандозы 6-орынға тұрақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» велокомандасының шабандозы Пельо Бильбао «Джиро д'Италия» маусымындағы гран-турдың бірінші кезеңінде 6-шы орынға тұрақтады», деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

  «Джиро д'Италия»: «Астана» велошабандозы 6-орынға тұрақтады

Бірінші кезең Иерусалимде (Израйль) өтті және оның ұзақтығы 9,7 км болды. Осы кезеңді голландиялық Том Дюмулен жеңіп алды. Ол 9,7 км қашықтықты 12 минут 2 секундта жүріп өтті.

«Астана» командасының колумбиялық көшбасшысы Мигель Анхель Лопес таңғы жаттығу барысында құлап қалған болатын, бұл жағдай оның денсаулығына айтарлықтай әсер етті. Сөйтіп, Лопес Дюмуленнен 56 секундқа кешігіп қалды.