Джиро д'Италия: «Астана» велошабандозы Фабио Ару 4-орынға көтерiлдi

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Джиро д'Италия" көпкүндiгiнiң 18-кезеңiнен кейiн "Астана" велошабандозы Фабио Ару екi сатыға жоғарылап, 4-орынға табан тiредi.
None
None

Бұл кезеңде колумбиялық спортшы Хулиан Арредондо (Trek Factory Racing) жеңiмпаз атанды. Одан 17 секундқа қалып қойған Colombia командасының велошабандозы Фабио Дуарте көмбеге екiншi келсе, үшiншi орынды Sky өкiлi Филип Дейгнан иелендi.

"Джиро д'Италия" көпкүндiгiнiң жалпы есебiнде Movistar клубының мүшесi Наиро Кинтана көш бастауда. Одан бiр минут және 41 секунд қалып келе жатқан Ригоберто Уран (Omega Pharma-Quick Step) екiншi орында. Үштiктi француз Пьер Роллан (Europcar) түйiндеп келедi. Фабио Ару алтыншы орыннан төртiншi орынға бiрақ көтерiлiп, Ролланға екi секунд қана жол берiп келедi.

Соңғы жаңалықтар