«Джиро д'Италия»: «Астана» велошабандозы Танель Кангерт мәреге екiншi болып келдi

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - "Джиро д'Италия" велокөпкүндiгiнiң 16-кезеңiнде "Астана" командасының велошабандозы Танель Кангерт мәренi екiншi болып кестi.

«Джиро д'Италия»: «Астана» велошабандозы Танель Кангерт мәреге екiншi болып келдi

Бұл кезеңде мәреге жетер тұста Кангерттi шаң қаптырып кеткен испаниялық Беньят Инчаусти (Movistar) жеңiмпаз атанса, үшiншi орынды польшалық Пшемыслав Ньемец (Lampre) еншіледі.

Супер көпкүндiктiң жалпы есебiнде әзiрше "Астана" командасының велошабандозы Винченцо Нибали көш бастап тұр.

Айта кетейiк, кешегi жарыс жолы 238 шақырымға созылды.