«Джиро д'Италия» виртуалды жарысына қазақстандық екі велошабандоз қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Джиро д'Италия» виртуалды жарысының бесінші кезеңі өтеді. Оған қазақстандық «Астана» командасынан екі велошабандоз қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
None
None

Осылайша, стартқа Якоб Фульсанг пен Ион Исагирре шығатын болды. Олар велостанокта 30 шақырым қашықтықты бағындыруы тиіс.

Айта кетейік, бірінші кезеңде қазақстандық Алексей Луценко ерекше көзге түсіп, мәреде үздік уақыт көрсеткішін көрсеткен еді.

«Джиро д'Италия» немесе Италия туры - жыл сайын үш апта бойы мамырда немесе маусым айының басында өтетін ұзын қашықтықтағы кәсіпқой велошабандоздар жарысы. Ол - Тур де Франстан кейінгі әлемдегі ең маңызды кезеңдік жарыстардың бірі. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты жарысты виртуалды режимде өткізу жөнінде шешім қабылданған болатын.


Соңғы жаңалықтар