«Джиро д'Италия» жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға ат басын тіремек

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Джиро д'Италия» көпкүндігінің жүлдегері «Астана» велоклубының велошабандозы итальяндық Фабио Ару Қазақстанға келеді, деп хабарлайды велокоманданың баспасөз қызметі.

«Джиро д'Италия» жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға ат басын тіремек

Ару 19 маусым күні Астанада болады. Велошабандоз клубтың бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» компаниясының басшылығымен, сонымен қатар «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының жетекшілерімен, Қазақстанның велоспорт федерациясымен, Astanafans мүшелерімен кездеседі деп жоспарлауда. Сондай-ақ спортшы қазақстандық жас спортшыларға шеберлік сыныптарын өткізеді. 20 маусымда велошабандоз Алматыға барады.

Еске сала кетейік, «Астана» қазақстандық велоклубының мүшесі Фабио Ару «Джиро д'Италия» көпкүндігінде үшінші орын алған болатын.