«Джиро делла Тоскана» бастапқы кезеңінде Ару төртінші болып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ареццо және Монтекатини таулары арасындағы шамамен 175 шақырым қашықтықта «Movistar» велоспортшысы итальяндық Джованни Висконти жеңімпаз атанды, деп хабарлады Sports.kz.

«Джиро делла Тоскана» бастапқы кезеңінде Ару төртінші болып келді

«Астана» спортшысы Фабио Ару жүлелі орынға сәл іліге алмай, төртінші орынды місе тұтты.

Диего Роза мәреге 29-шы, Мигель Анхель Лопес Морено - 35-ші, Даниил Фоминых - 58-ші, Арман Камышев - 86-шы, Жандос Бижігітов - 87-ші, Бақтияр Қожатаев - 96-шы, ал Нұрболат Құлымбетов - 99-шы болып жетті.