21:38, 29 Қазан 2025 | GMT +5
Джиу-джитсу: Муслим Арсамаков жасөспірімдер Азиадасының жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық джиу-джитсу шебері Муслим Арсамаков Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды.
85 келіге дейінгі салмақтың финалында ол Оңтүстік Корея спортшысы Кен Хе Пакпен кездесті. ҚР ҰОК мәліметінше, шешуші белдесуде Пак жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы жарысты екінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Абдулла Батырбек джиу-джитсудан жасөспірімдер Азиадасында топ жарды.
Камила Қапан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Әділжан Нұрбекен дзюдодан жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды.