Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасы Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатында 51 награда еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасы Әбу-Дабиде өткен кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионатында 51 награда еншіледі.

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасы Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатында 51 награда еншіледі

Бүгін еліміздің мәдениет және спорт министрлігінде әлемдік біріншілікте жеңімпаз атанған спортшыларға құрмет көрсетілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Әлем чемпионаты мен оның аясында өткен жарыстарға әлемнің 100 елінен 5 мыңнан астам спортшы қатысқан.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабына халықаралық спорттық аренада еліміздің атын шығарып жүрген талантты жас спортшыларды дайындағандары үшін алғысын білдірді.

«Джиу-джитсу әлемде кеңінен танымалдыққа ие болып келеді. Біздің спортшыларымыз өз шеберліктерінің өте жоғары деңгейін осы чемпионаттан бөлек басқа да жарыстарда да көрсетіп келеді. Біз сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтамыз», - деді министр.

Ол республикалық джиу-джитсу қауымдастығының бұл спорт түрін халықтың, әсіресе ел жастарының арасында танымалдығын арттыру бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарына жоғары баға берді.

Шара барысында Қазақстан құрамасының мүшесі әрі Астана қаласының жаттықтырушысы Қанат Алин әлемдік біріншіліктен алған әсерімен бөлісті.

«Джиу-джитсудан әлем чемпионаты 2009 жылдан бері жыл сайын Әбу-Дабиде өткізіліп келеді. 2013 жылы мен еліміз үшін алғаш рет 3 қола медаль жеңіп алған едім. Жылдан-жылға бұл спорттың қазақстандық арасындағы танымалдығы арта түсуде. Егер, 2014 жылы біздің елімізден әлем біріншілігіне 30 адам қатысса, осы жолы жарысқа 130 адам барды», - деді ол.
джиу-джитсу джиу-джитсу