Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азиаданың қола жүлдесіне таласады
АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алғашқы жүлде жиынтықтары сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында 48 келідегі Жібек Құлымбетова жарыс жолын 1/8 финалдан бастап, алғашқы айналымда Жолирин Коны (Филиппин) шабуылдағы белсенділік бойынша және ширек финалда Мию Сузукиді (Таиланд) 50:0 есебімен жеңді.
Ал жартылай финалда БАӘ өкілі Алаонод Әлхарбиден 0:7 есебімен есе жіберді.
Осыған дейін Ажар Асхат дзюдодан Азиаданың ширек финалына өткен болатын.