Джо Байден Мичиганда ереуілшілерге қосылып, оларға қолдау білдірді

АҚШ президенті Джо Байден Мичиганға сапары кезінде ереуілге шыққан автоөнеркәсіп саласының өкілдеріне қосылып, оларды қолдайтынын білдірді. ҚазАқпарат бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін АҚШ-тың іс басындағы бірде-бір президенті ереуілшілерді қолдауға тәуекел етпеген еді.
Байден Мичиганға алдағы президенттік сайлаудағы ықтимал қарсыласы Дональд Трамптың осы өңірге сапарына бір күн қалғанда келді және наразылыққа қатысушылар президенттікке ықтимал кандидаттар олардың өз құқықтары үшін күресін саясаттандырып жібереді деп қауіптенеді.
Джо Байден ереуілшілерге қарата айтқан сөзінде олар «жалақы мен басқа да жеңілдіктердің айтарлықтай өсуіне лайық» екенін атап өтті.
Жекелеген адамдар Байден мен Трамптың сапарына қарсылығын ашық білдіріп жатты. «Олардың ешқайсысы мұнда келмегені жақсы болар еді. Біз бөлінуді қаламаймыз, ал саясат араласқан кезде келіспеушіліктер басталады», – дейді митингіге қатысушылардың бірі.
Америка автокөлік жұмысшылары одағының (UAW) мүшелері үш ірі компания – Ford, General Motors және Stellantis-тен жалақыны көтеруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде.