Джоан Роулинг шытырман романын бүркеншік атпен жазды

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Белгілі жазушы Джоан Роулинг The Cuckoo's Calling шытырман романын Роберт Гэлбрэйт деген бүркеншік атпен шығарғанын мойындады, деп хабарлады Утро.ру.
None
None

Гарри Поттер туралы сериялы кітаптар авторының жаңа романы осы жылғы сәуір айында шықты. Онда жазушы соғыс ардагері, жеке із кесуші Корморан Страйктің балконнан құлап өлген модельдің жұмбақ өлімін тексергенін баяндайды. Роман бұған дейінгі Роулингтің «Кездейсоқ бос орын» деп аталатын кітабы шыққан баспадан басылып шыққан. Қазіргі кезде жаңа кітаптың 1,5 мың данасы сатылып кетті.

Соңғы жаңалықтар