Джоэль Диаз: Головкин үзіліс және тайм-аут дегенді білмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы кіші Джоэль Диаз WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (32-0, 29 КО) бірге жаттығуда және чемпионның дайындықтағы еңбекқорлығына тамсануда, делінген Головкиннің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG ресми парақшасында.

Джоэль Диаз: Головкин үзіліс және тайм-аут дегенді білмейді

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық боксшы жаттығу барысында демалу, аз уақытқа аптығын басу дегенді білмейді.

«Менде дене дайындығынан өте ауыр жаттығулар өтті. Генамен жұмыс істеу - арман, бірақ ол үзіліс және тайм-аут дегенді білмейді!», - деп мәлім етті кіші Диаз. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 16 мамырда өтетін жекпе-жекке дайындалуда. Оның қарсыласы - америкалық кіші Вилли Монро.