Джохар Царнаев АҚШ билігін 11 қыркүйектегі терактіні ұйымдастырды деп айыптады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка билігімен өткен жылдың сәуір айында Бостондағы марафонда жарылыс ұйымдастырды деп айыпталып отырған Джохар Царнаев 2001 жылы 11 қыркүйекте болған терактіні АҚШ үкіметі ұйымдастырды деп мәлім еткен. Бұл туралы Бостондағы сот отырысында оның бұрынғы бөлмелес замандасы Эндрю Двинеллс айтты.

Джохар Царнаев АҚШ билігін 11 қыркүйектегі терактіні ұйымдастырды деп айыптады

Ол қорғаушы тараптан куәгер ретінде марафондағы терактіні тергеуге кедергі келтірді деп айыпталып отырған қазақстандық студент Азамат Тажаяқовтың ісі бойынша сот тыңдауларына қатысуда. Двинеллстің айтуынша, Царнаев 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдар туралы деректі фильмді көріп отырып, бұл АҚШ үкіметімен ұйымдастырылған қастандықтың нәтижесі деген. Сондай-ақ Двинеллс Царнаевтың ешқашан да экстремистік пікірлер білдірмегенін атап өтті. Двинеллс Тәжаяқовтың қорғаушысы тарапынан айтылған қазақстандық студенттің Царнаевтың бөлмесінен оған өзі уақытша пайдалана тұруға берген құлаққаптарын ғана алып шыққаны туралы уәжін нақтылады. Айта кетейік, қорғаушылар Тәжаяқовтың Царнаевтың бөлмесінен пиротехника салынған рюкзакты алып шықпағанын, бұл іске басқа қазақстандық студент - Диас Қадырбаевтың қатысы барын дәлелдеуге күш салған еді.

Егер студенттердің кінәлары дәлелденетін болса, олар 25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Алайда олар өздерін айыпты деп санамайды. Қадырбаевқа қатысты сот ісі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.