Джохар Царнаев өзіне тағылып отырған кінәні мойындамады

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Сәрсенбіде Джохар Царнаев АҚШ-тың федералдық сотының алдында барлық айыптар бойынша тағылып отырған кінәні мойындамады.
None
None

Бұл туралы ВВС хабарлады.

Царнаевқа қарсы барлығы 30 айып тағылып отыр, оның ішінде төрт кісіні өлімі бар. Атап айтқанда, бұл айыптарда 15 сәуірде Бостондағы марафон кезіндегі жарылыстардың салдарынан қаза болған үш адам мен күзетшінің өлімі ескерілген.

Айыптардың 17 тармағы бойынша оған өмір бойына бас бостандықтан айыру немесе өлім жазасы үкімі шығарылуы мүмкін.

АҚШ-тың әділет министрлігі Царнаевқа жазаның ең жоғары түрін талап етпек.

Соңғы жаңалықтар