Джохар Царнаев соңғы сөзінде Бостондағы теракттан жапа шеккендерден кешірім сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Джохар Царнаев Бостондағы сотта теракттан жапа шеккендерден кешірім сұрады. Ол бүгін ресми түрде өлім жазасына кесіледі.

Джохар Царнаев соңғы сөзінде Бостондағы теракттан жапа шеккендерден кешірім сұрады

Бұл туралы РИА «Новости» жазады.

«Мен теракт құрбандарынан және одан аман қалғандардан кешірім сұрағым келеді. Мен жарылысты ұйымдастырғаным үшін кінәлімін, оған еш күмән жоқ», - дегенін CBS каналының корреспонденті сот залынан хабарлайды.

Царнаев бүкіл сот үдерісі барысында алғаш рет сотта сөз сөйлеу құқығын пайдаланды.