Джохар Царнаев түрмеден Дағыстандағы анасына хабарласты

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Бостонда тұтқындалған Джохар Царнаев анасына телефон шалды.
None
None

Бостон марафонындағы бірнеше адамның өліміне айыпталушының даусы қайта қалпына келген. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Зубейдат Царнаева ұлының жағдайы жақсы екенін алға тартты. Ол айына бір рет қоңырау шалуға уәде еткен.

Айта кетер жайт, ұстау шарасы кезінде Джохар Царнаев мойнынан жарақаттанған еді. Ұзақ уақыт бойы ол тіл қата алмаған. Тергеушілер Д. Царнаевқа өз сауалдарын тек жазбаша түрде жолдады.

Соңғы жаңалықтар