Джохар Царнаевтың адвокаттары АҚШ сотынан ол үшін түрмедегі режимді жеңілдетуді сұрап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бостондағы оқиғаның лаңкесі» Джохар Царнаевтың қорғаушылары соттан түрмеде отырған оған қойылған шектеулердің біразын жеңілдетуді сұрап отыр. Бұл туралы Росбалт хабарлады.
Олардың дүйсенбі күні берген өтініштерінде Царнаевтың қазіргі түрмедегі жағдайы процеске деген дайындықты қиындатып отырғаны атап өтілген. Жекелей алғанда, адвокаттардың көңілі толмай тұрғаны - олардың күдіктімен арасындағы кездесуді ФБР-дің бақылауға алғандығы, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Сонымен бірге, қорғаушылар Түрмелер бюросы олардың Царнаевпен ақылдасуға әкелген барлық электрондық құжаттарын күштеп тексеріп отырғандығына наразы.
Осыған дейін, Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот қарауы ағымдағы жылдың 3 қарашасында болады, деп хабарланған еді.
Еске сала кетейік, Джохар Царнаев 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостондағы марафон кезінде лаңкестік ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Онда жарылыс кезінде 3 адам қаза болып, 260-тан астам адам жараланаған еді. Тергеу деректері бойынша, Джохар бұл қылмысты өзінің ағасы 26 жастағы Тамерланмен жасаған. Ал ол ұстау операциясы кезінде өлтірілді.