Джокович Australian Open-де жарыс жолынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің екінші ракеткасы, сербиялық теннисші Новак Джокович Австралияның ашық чемпионатында өзбекстандық Денис Истоминге жол берді.

Джокович Australian Open-де жарыс жолынан шығып қалды

Кездесу 6:7 (8:10), 7:5, 6:2, 6:7 (5:7), 4:6 есебімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, өткен жылы Australian Open-2016 жарысында сербиялық теннисші жеңімпаз атанған болатын.

Турнирдің келесі айналымында Денис Истомин испаниялық Пабло Карреньо-Бустоймен ойнайды.