Джон Бреннан - АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат -АҚШ конгресінің сенаты Джон Бреннанды Орталық барлау басқармасының басшысы қызметіне бекітті.
None
None

Оған сенаторлардың 34-і қарсы дауыс берсе, қалған 63-і оның кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін Бенгазидегі АҚШ елшілігіне жасалған шабуылға қатысты сайлау кейінге шегерілген болатын. Оқиға кезінде елші мен АҚШ-тың 3 азаматы қаза тапқан еді. Елу жеті жастағы Бреннан соңғы бірнеше жыл бойы лаңкестікпен күресуде Барак Обаманың бас кеңесшісі қызметін атқарып келген. Сонымен қатар, жаңа басшы әлемге атышулы лаңкес Усама бен Ладеннің көзін жою операциясын ұйымдастырғандардың бірі.

Соңғы жаңалықтар