Джон Дэвид Джексон: Головкиннің бойы аласа, сондықтан Андре Уордтың басым түсуі ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), WBO және IBF чемпионы жартылай орта салмақтағы 32 жастағы ресейлік Сергей Ковалевтің бапкері Джон Дэвид 31 жастағы Андре Уорд Геннадий Головкинді жеңеді деген пікірде.

Джон Дэвид Джексон: Головкиннің бойы аласа, сондықтан  Андре Уордтың басым түсуі ықтимал

Бұл туралы sports.kz. хабарлады.

«Уордтың денесі ірі. Головкиннің бойы аласа, сондықтан Андре Уордтың басым түсуі мүмкін. Бір жағынан өте қызықты жекпе-жек болады деп ойлаймын, меніңше күші басымдау Уорд жеңетін сияқты», дейді Джон Дэвид Джексон.