Джон Керри АҚШ және НАТО әскерлерінің Ауғанстанда қалуын талқылау үшін Кабулға барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ауғанстан астанасы Кабул қаласына барды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Онда ол Ауғанстан президенті Гани Ашраф және өзге де ел билігіндегі басшылармен келіссөздер жүргізеді.
Кездесудің басты тақырыбы АҚШ және НАТО әскерлерінің Ауғанстанда қалуына мүмкіндік беретін екіжақты келісім және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тәжірибе жүзінде жүзеге асыру болмақ.