08:29, 02 Маусым 2015 | GMT +5
Джон Керри аяғын сындырып алғандықтан бірқатар елге жоспарланған сапарын кейінге шегерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияда велосипедпен серуендеп жүргенінде аяғын сындырып алған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Бостонға келді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Джон Кирбидің мәліметіне сүйеніп.

Мемдепартаменттің ақпаратында Керри бостондық әуежайдан түсіп, емделуін жалғастыру үшін бірден Массачусетс ауруханасына барғаны айтылған.
71 жастағы Керри Альпіде аяғын жарақаттап, одан кейін тікұшақпен Женева ауруханасына жеткізілген болатын.
Мемлекеттік хатшының аяғын сындырып алуына байланысты апта басында Мадрид және Парижге белгіленіп қойған сапарлары кейінге қалдырылды.