04:11, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Джон Керри Ираннан уран жеткізуге атсалысқаны үшін Қазақстан мен Ресейге алғыс білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей Ираннан кемемен көп мөлшерде төмен байытылған уран жөнелтуде үлкен роль атқарды, деп хабарлады дүйсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

Керри бұған дейін 11,3 тонна уран тиелген кеме Ираннан Ресейге кеткені жөнінде хабарлаған болатын, деп жазады РИА Новости .
«Бұл процесте көптеген елдер үлкен роль атқарды. Ресей Бірлескен іс-қимыл жоспарының мүшесі және тасымалдау мен ядролық материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде тәжірибесі мол ел ретінде Ираннан уран жөнелтуде маңызды роль атқарды», - деді Керри.
Ол сондай-ақ табиғи уранды жөнелтуде Қазақстанның да айтарлықтай үлесі бар екендігін атап өтті.
«Мен бүгін Қазақстанның Сыртқы істер минстрі Ерлан Ыдырысовпен сөйлестім және уран жеткізіліміне күш салғаны үшін алғыс білдірдім. Бұл ретте Әзербайжан елінің де үлесі бар», - деді Керри.
Фото: Рамиль Ситдиков