19:55, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Джон Леннонның автопортреті 5 млн. долларға бағаланып, бәссаудаға шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Даңқты Beatles рок тобының негізін қалаушылардың бірі Джон Леннонның қызыл-қара реңктегі автопортретін Cooper's Own сауда үйі Ұлыбританиядағы халықаралық бәссаудаға шығарды.

ВВС радиостансасының хабарлауынша, туындының бастапқы бағасы 5 млн долларды құрайды.
«Сөз XX ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерінің бірінің бірегей өнер туындысы жайында болып отыр. Мұндай шығарма сатылымға өте сирек түседі. Автопортрет Джон Леннон 1958 жылы Ливерпуль көркемөнер колледжінде оқып жүрген кезінде абстрактілі стилде майлы бояумен салынған», - дейді Cooper's Own сауда үйінің директоры Луиза Купер.
Айта кетерлігі, дәл осы картинаны 1970 жылдары Sotheby's бәссаудасынан американдық коллекционер сатып алған болатын. Қазіргі уақытта оның коллекциялары сатылымға түсуде.