08:17, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Джон Леннонның гитарасы аукционда сатылмай қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияда өткен аукционда атақты «Битлз» тобының мүшесі Джон Леннонның гитарасы сатылмай қалды. Тіпті, белгіленген төменгі бағаның өзіне де ешкім қызығушылық танытпаған, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Аукцион алдында гитара 600 мың фунтқа (939 мың доллар) сатылуы мүмкін деген болжамдар жасалған. Енді ұйымдастырушылар ол гитараны аукционға қайта шығарылатыны туралы ешқандай ақпарат бермеді. Айта кетейік, Джон Леннон «Gretsch 6120» маркасындағы бұл гитарамен 1966 жылы «Paperback Writer» әнін жазғанда ойнаған.