02:59, 30 Шілде 2017 | GMT +5
Джон Малкович Астаналық циркінде болды
АСТАНА. Қазақпарат - Астаналық циркке танымал голливуд актеры, «Оскар» сыйлығының екі дүркін номинанты Джон Малкович келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат цирктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қонақты Астаналық цирктің бас директоры Ерік Жолжақсынов қарсы алды. Өз кезегінде голливуд жұлдызы цирк актерларының өнерін тамашалап, ұжымға жылы лебізін білдірді.
Бұған дейін біз Джон Малкович Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» болып, онкологиялық ауруға шалдыққан балалармен кездескендігі туралы хабарлаған болатынбыз.
Еске сала кетсек, голливуд актеры Астанаға ХІІІ «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне қатысу үшін арнайы келді.