Джонатан Айв «Apple» компаниясының дизайн бойынша директоры деңгейіне дейін көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple компаниясының бас дизайнері Джонатан Айв бүкіл корпорацияның дизайн бойынша директоры қызметіне қол жеткізді. 23 жылдың ішінде британдық азамат компанияның көптеген өнімдерінің дизайнын жасады, деп жазады «ВВС» агенттігі.
None
None

Компанияның иерархиясына сәйкес, бұған дейін «бас директорлар» болып тек басқа екі менеджер аталған екен. Олар басқарма төрағасы Тим Кук пен қаржы директоры Лука Маэстри.

Кейбір мәліметтер бойынша, сэр Джонатан Айв хабарламасы баспасөзге осы көктемнің басында кірген Apple автомобилінің дизайнына да байланысты. Айв iPod, iPhone және iPad сияқты өнімдердің дизайнын жасауға атсалысқан. Ханшайым Елизавета ІІ дизайнерге үш жыл бұрын рыцарь атағын берген.

Соңғы жаңалықтар