Джонни Депптің әйелі жануарларды заңсыз әкелгені үшін 10 жылға сотталуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия прокуратурасы актер Джонни Депптің әйелі, актриса Эмбер Хердке жануарларды елге заңсыз әкелді деген айып тақты, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Мамыр айында Эмбер Херд өзінің жеке ұшағының бортында «Кариб теңізінің қарақшылары» киносының түсірілімі болып жатқан Австралияға екі йоркшир терьерін әкелген.

Сонымен қатар, ол жалған құжат пайдаланды деп айыпталып отыр. Бұл елде жануарлар контрабандасы үшін қарастырылған ең ауыр жаза - 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 100 мың АҚШ долларынан астам айыппұл төлеу қарастырылған.

Австралия билігі актрисаны 7 қыркүйекте сотқа шақырып отыр.

Австралияның ерекше фаунасы үшін елге жануарларды әкелуге қатысты қатаң заң бар.

Соңғы жаңалықтар
telegram