Джонни Депптің менеджерлері қаржыны оңды-солды жұмсағаны үшін оны сотқа бермекші

АСТАНА. ҚазАқпарат - Джонни Депптің ісін жүргізіп келген Management Group компаниясы актерды сотқа бермекші. Компания оған келісімшартты бұзып, алаяқтық жасады және қаржыны оңды-солды жұмсады деп айып тағуда, деп жазады Wall Street Journal газеті. 

Джонни Депптің менеджерлері қаржыны оңды-солды жұмсағаны үшін оны сотқа бермекші

Басылымның дерегіне сүйенсек, сейсенбі күні Лос-Анджелестің сотына берілген талапта компания басшылары Деппті «Өзімшіл, немқұрайлы және жауапсыз» өмір салтын ұстанып, айына 2 миллион доллар жұмсады деп айыптауда. Талап етушілер 560 мың доллар көлемінде төлем сұрап, актердың қаржылық мәселелерін өз мойнына ілуді талап еткен.

Талапта Депптің ай сайын шарап үшін кем дегенде 30 мың доллар жұмсағаны, 40 қызметкеріне 300 мың доллар жалақы төлейтіні көрсетілген. Ай сайын 150 мың доллар қаржы жұлдыздың күзетшілеріне төленіп отырған, деп жазады ria.ru.