Джонс Головкинді үздік боксшылар үштігіне қоспады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанған кіші Рой Джонс өз ұғымындағы әлемнің үздік үш боксшысын (P4P) атады, деп хабарлайды Sports.kz.
Айта кеткен жөн, америкалық орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкинді өз фавориттеріне қосқан жоқ.
«Менің пікірімше, pound-for-pound рейтингінің ұшар басында 1а, 1b және 1с деген позициялар болады. Андре Уорд 1а көрсеткішіне лайық, ал Василий Ломаченко - 1b, себебі онда Андре тәрізді мықты қарсыластармен кездесу мүмкіндігі болмай жатыр. Ал 1с орнына Сергей Ковалевті қоюға болады, себебі Уордпен айқас мүлдем басқаша аяқталуы мүмкін еді», - деді Джонс Boxingscene.com берген сұхбатында.