Джонс Китс өлеңінің қолжазбасы рекордтық сомаға - 280 мың АҚШ долларына сатылды

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - XIX ғасырдағы ағылшынның романтик ақыны Джон Китс өлеңінің қолжазбасы рекордтық 181 мың 250 фунтқа (277 мың 500 АҚШ долларына) сатылды.

Джонс Китс өлеңінің қолжазбасы рекордтық сомаға - 280 мың АҚШ долларына сатылды

Тарихи құндылық сәрсенбі күні "Бонэмс" /Bonhams/ аукцион үйінің бәссаудасына ұсынылған еді. Олар әлемдегі ірі ағылшын ақындары қолжазбаларының жинағы саналатын ақын және ғалым Рой Дэвидстің коллекциясын жаппай саудаға шығарды.

Китстің, әсіресе, «Мен дөңге шығып, сіресіп қалдым» атты өлеңі бәссаудаға қатысушылардың қатты қызығушылығын оятты. Бұл ақынның әзірге жекеменшікте қалған соңғы қолжазбасы және оны сатып алуға ниет білдірген колекционерлер үшін қолжетімді шығарма болып отыр. Оның бағаланған құны 40-45 мың фунтты (40-70 мың доллар) құрады.