Джордж Буш Америка халқына соңғы рет жолдау жасады

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат – Қызметінен кеткелі жатқан АҚШ басшысы Джордж Буш кеше өз халқына соңғы рет жолдау жасады. Ол өзінің президенттігі туралы әңгімеледі, білдірген сенімдері үшін американдықтарға алғыс айтты және ізбасары Барак Обамаға ізгі тілегін білдірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. «Маған дейін де осы қызметті атқарғандар сияқты, мен де шегіністерге ұшырадым. Және тағы бір мүмкіндігім болса, басқаша жасайтын істер де бар», - деп мәлім етті Буш өз сөзінде. «Әрқашан елдің мүддесі үшін әрекет еткенін» айтқан президент, «өз арының алдында адал екенін, дұрыс деп санаған нәрселерді ғана істегенін» жеткізді.
Соңғы жаңалықтар