«Джордж Буш» авианосеці өртенді

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Әскери-теңіз күштеріне қарасты «Джордж Буш» авианосецінен өрт шықты,

«Джордж Буш» авианосеці өртенді

деп хабарлады Утро.ру.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт шұғыл арада сөндірілген. Төтенше оқиға жайындағы ақпаратты АҚШ  Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы растап отыр.

Өрт 6 маусым күні кеменің тұрғын-жай бөлігінен шыққан. Ресми жарияланған ақпаратқа сәйкес,  өрт болған кезде тұрғын-жайда ешкім болмаған. Ауысым кезекшісі қызыл жалынның шыққанын дабылқаққыш іске қосылғаннан кейін біліп, оқиға орнына кеменің өрт сөндіру қызметін жіберген. Олар өз күштерімен өртті ауыздықтаған.