09:27, 21 Маусым 2016 | GMT +5
Джордж Сорос Британия ЕО-дан шыққан кезде фунт 20 пайызға дейін құлдырауы мүмкін екенін болжады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық қаржыгер Джордж Сорос Ұлыбритания Еуроодақтан шыққан жағдайда, стерлинг фунтының бағамы ең аз дегенде 15 пайызға, ең көп дегенде 20 пайызға құлдырауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазды Gazeta.ru The Guardian-ге сілтеме жасап.

«Егер референдум қорытындысы бойынша Еуроодақтан шығу шешімі қабылданса, стерлинг фунты күрт құлдырауы мүмкін. Меніңше, құлдырау 1992 жылғы қыркүйектегі 15 пайыздан да асып түсуі мүмкін. Ол кезде мен Англия Банкі мен Ұлыбритания үкіметі есебінен хэдж-қорымның инвесторлары үшін елеулі пайда тауып, жолым болған еді», - деп жазды Сорос.
Ол Еуроодақтан шығуға дауыс беру бірден «қаржы нарықтары, баға және еңбек нарығы инвестициясына» әсер етеді. Қаржыгер фунттың құдырауы қарапайым адамдарға ауыр тиетінін қосты. Фунт бағамының төмендеуі оларды кедейлендіре түспек.
Референдум 23 маусымда өтеді.
Бұдан бұрын Джордж Сорос Ресей әлемдік державаға айналып, Еуроодақ құлдырап кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.