Джордж Вашингтонның конституциясы 10 миллион долларға сатылды
АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Бір кездері ға тиесілі болған АҚШ конституциясы Нью-Йоркта өткен Christie's аукционында 10 миллион долларға сатылды,
деп жазады Agence France-Presse .
Кітап Вашингтонның тапсырысымен 1789 жылы басылып шыққан. Оның беттерінде АҚШ-тың бірінші президентінің өз қолымен жазған жазулары бар.
Маунт-Вернон әйелдер ассоциациясы кітаптың жаңа қожайыны болды. Олар сондай-ақ Вашингтон резиденциясын сақтап қалу жұмыстарымен де айналысады.