Джорджиядан Бетти Кантрелл «Америка аруы -2016» титулын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Джорджия штатының өкілі Бетти Кантрелл (Betty Cantrell) «Америка аруы- 2016» ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлады дүйсенбіде Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

  Джорджиядан Бетти Кантрелл   «Америка аруы -2016» титулын жеңіп алды

Финал Нью-Джерси штатындағы Атлантик-сити қаласында жексенбі күні кешке өтті.

Конкурста Кантрелл опера ариясын орындап, судьялардың жоғары бағасын алды, ол 51 қатысушының ішінде үздік нәтиже көрсетті.

"Америка аруының" алғашқы байқауы 1921 жылы өткен болатын.