Джулиан Ассандж өмірбаян жазуға құны 1,5 млн. доллардан асатын келісімшартты бекітті

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - "Викиликс" сайтын құрушы австралиялық Джулиан Ассандж өмірбаян жазуға құны 1 млн. фунт стрелингті құрайтын келісімшартты бекітті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС британдық "Скай ньюс" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Джулиан Ассандж өмірбаян жазуға құны 1,5 млн. доллардан асатын келісімшартты бекітті

"Мен бұл кітапты жазғым келген жоқ, бірақ мұны істеуге мәжбүрмін, - деді ол. - Менің заңдық шығындарым қазірдің өзінде 200 мың фунт стерлингті (320 мың доллар) құрады, ал мен одан әрі өзімді қорғап, "Викиликске" қолдау жасауға тиіспін".