Дзю-додан әлем чемпионаты-2013: Қазақ Азамат Мұқанов - вице чемпион. ВИДЕО
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио де Жанейро қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Азамат Мұқанов күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады alaman.kz.
66 келіде сынға түскен қазақ спортшысы алдымен Алим Гадановты (Ресей), Джоэл Тсенгті (Сингапур), Колин Ойтисті (Англия), Масаки Фукуоканы (Жапония) қапы қалдырды. Азамат бұл тартыстардың барлығында иппон әдісімен таза жеңіске жетті. Ал жартылай финалда 2009 жылғы әлем чемпионы украиналық Георгий Зантараияны базари әдісімен ұтты.
Финалдық кездесуде жапондық Эбимуа Масашимен жолығып, соңғы сәтте ұтылып қалды.
Осыған дейін қазақ татами шеберлерінің бірде бірі әлемдік сынның финалына шығып көрмеген. Демек, Азамат Мұқанов - тұңғыш вице чемпион.
Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Сергей Лим алғашқы кездесуден ұтылып қалды.