Дзюдо: Әбиба Әбужақынова Азия чемпионатының жартылай финалында белдеседі
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық татами шебері Әбиба Әбужақынова Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.

Ұлттық құрама көшбасшысы екінші белдесуінде Кано Миякиді (Жапония) жарыс жолынан шығарды.
Абиба финал жолдамасын моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бавудоржбен сарапқа салады. Ол алғашқы іріктеу кезеңінде Түркменстан дзюдошысы Құрбанай Құрбанованы таза ұтты.
Айта кетейік, Әбужақынова осыған дейінгі 2 Азия чемпионатының финалына жеткен болатын.
Осыған дейін ерлер арасында 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Аталған Сарықұрлық додасында 34 елдің 262 таңдаулы татами шеберлері өзара кім мықтыны анықтап жатыр.