Дзюдо: Ақмарал Науатбек Еуропаның ашық кубогының қола жүлдегері атанды

АСТАНА.ҚазАқпарат - 2-3 ақпан күндері Болгарияның София қаласында дзюдодан әйелдер арасында өткен Еуропаның ашық кубогінде Ақмарал Науатбек қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

28 мемлекеттен 177 спортшы қатыстқан дода Қазақстан намысын 14 спортшы қорғап, нәтижесінде 48 келіде белдескен Ақмарал Науатбек қола жүлдені жеңіп алды. Ол алғашқы белдесуінде Испания өкілін жеңсе, топтан шығуға мүмкіндік беретін кездесуде Мелоди Вагарниден ұтылды.

Бірақ, жұбаныш белдесуінде қазақстандық спортшы франциялық Корчерді жеңіп, кіші финалда австралиялық Катарина Танзерден айласын асырды.

Өкінішке қарай, Ақмарал Науатбектен өзге 13 балуанымыз жүлделі орындарға қол жеткізе алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар