Дзюдо: Алматыда Азия кубогының жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-22 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өз мәресіне жетті, хабарлайды ҚазАқпарат.

Дзюдо: Алматыда Азия кубогының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей екі күнге созылған бәсекеге 5 елден 200-ге жуық татами шеберлері қатысып, жарыстың соңғы күнінде балуандар 9 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Назарларыңызға жарыс жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

Қыздар:

63 кг
1. Саера Марзахметова
2. Аружан Жолдас
3. Ақерке Құлаш
3. Айгерім Жұмаділла

-70 кг
1.Амина Расул
2. Мөлдір Нарынова
3. Аяла Мереке
3. Айгерім Тасболат

-78 кг
1. Назерке Тілеуханова
2. Лаура Жәнібекова
3. Дария Тимофеева
3. Ғалиябану Аманханова

+78 кг
1. Камила Берліқаш
2. Гулида Көбей
3. Анель Наурызбаева

Ерлер:

73 кг
1. Аңсарбек Ғайнуллин
2. Жанболат Бағытбергенов
3. Сырым Мұқатай
3. Ортай Нұрбек

81 кг
1. Бейбіт Мәдиев
2. Әділ Мырзаев
3. Қуаныш Ратаев
3. Асылан Сағытбек

-90 кг
1. Мәлік Темірсұлтанов
2. Дінахмет Рыссымбек
3. Айдар Хасенов
3. Болат Ерасыл

-100 кг
1. Нұрсат Темірхан
2. Тілек Абибеков
3. Ерасыл Әзімханов
3. Керим Казатов

+100 кг
1. Бейбарыс Әбдіғани
2. Нұрсұлтан Қожагелдіұлы
3. Ильяс Қалидолда
3. Жанұзақ Ермағанбет

Айта кетейік, Махмұтов Бекет Сапабекұлы - Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті. Ол 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының Президенті, сондай-ақ, Азия Дзюдо Одағының вице-президенті қызметін атқарған.