Дзюдо: Азия біріншілігіндегі қазақ балуандарының қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан Азия чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті.

ҚР Дзюдо федерациясы атап өткендей, аталған Сары құрлық додасы 20-22 сәуір күндері өтеді. Бүгін жеребе қорытындысына сәйкес, аталған сында өнер көрсететін қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
Ел намысын 7 салмақта 9 отандасымыз қорғайды. Ерлер арасында ең көп спортшы 73 кг дейінгі салмақта (29 дзюдошы). Биылғы Азия біріншілігіне 34 елдің 262 таңдаулы татами шебері жиналды.
Азия чемпионатының жеребесі:
60 келі
Елдос Сметов – Куйвейт/Солтүстік Корея балуандарының жеңімпазы
Нұрқанат Серікбаев – Кувейт/Түркменстан балуандарының жеңімпазы
66 келі
Ғұсман Қырғызбаев – Ранди Феррера (Филиппин)
Жанарыс Рахметқали – Шуген Накано (Филиппин)
73 келі
Данияр Шамшаев – Тацуки Ишихара (Жапония)
Асқар Нарқұлов – Масауки Терада (Таиланд)
81 келі
Абылайхан Жұбаназар – Үндістан/Палестина жұбының жеңімпазы
100 келі
Нұрлыхан Шархан – Баймұрат Мажанов (Түркменстан)
+100 келі
Ерасыл Қажыбаев – Рюхао Ли (Қытай)
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған сында ел намысын кімдер қорғайтыны туралы жазған болатынбыз.