Дзюдо: Бапкерлерге арналған халықаралық техникалық семинар өтеді
Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға шет елден білікті бапкерлер теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, жаттықтырушылардың біліктілігін арттырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Халықаралық Дзюдо федерациясының ережелеріне сәйкес, жаттықтырушыларға арналған курс екі деңгейде өткізіледі.
Семинар «Ramada Almaty» қонақ үйінде өтеді. Курстың басты мақсаты - дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға және коучинг тәжірибесін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар бапкерлер курсы Қазақстанның барлық спорт мектептеріне ұсынылады (балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері, спорт шеберлерінің орта мектептері, ұлттық командаларды бекітетін кеңес), соның ішінде жаңа жүйеге қызығушылық танытқан, халықаралық дзюдо федерациясының жетекші мамандарынан, халықаралық сарапшылардан білім алғысы келетін кез келген адам қатыса алады.