Дзюдо бойынша Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы өздерінің көшбасшысынсыз барады

АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат – Ертең Қытайдың Тайпей қаласында әйелдер мен ерлер арасында дзюдо бойынша кезекті Азия чемпионаты басталады,

Дзюдо бойынша Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы өздерінің көшбасшысынсыз барады
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар кеңесі Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Житкеевке осы құрлықтық жарысқа қатыспауға мүмкіндік берді. Оның орнына 2008 жылғы Олимпиада жеңімпазы жеке бағдарлама бойынша алдағы Әлем чемпионатына даярланады. Чемпионат Голландияның Роттердам қаласында ағымдағы жылғы тамыздың 25-і мен 30-ы аралығында өтеді.