Дзюдо: Екатерина Токарева ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан Қазақстан қоржыны кезекті жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында 78 кг дейінгі салмақта отандасымыз Екатерина Токарева Мәриям Барбатты (Иран) ұтты.
Осылайша, Қазақстан командасының өкілі жарысты 3-орында аяқтады.
Осыған дейін дзюдодан үш отандасымыз Азиаданың қола жүлдесі үшін белдесетіні туралы жаздық.